«Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өкілеттігі ҚР Президентінің 2020 жылғы 2 мамырдағы «Д.Н.Назарбаева туралы» № 315 Жарлығы негізінде ҚР Конституциясының 52-бабы 5-тармағына, «ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңының 24-бабының 5-інші және 9-тармақтарына сәйкес тоқтатылды», - делінген Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтында.
Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Д. Назарбаеваға Сенат Төрағасы ретінде атқарған белсенді және жемісті жұмысы үшін алғыс білдірген болатын.