«Өңірлік сайлау комиссиялары ұсынған мәліметке сәйкес, Сенат депутаттарын сайлау бюллетеніне 55 кандидат тіркелді. Оның ішінде Алматыдан 4, Жамбыл, Павлодар, Алматы, Жетісу, СҚО және Түркістан облыстарынан 2 кандидат бар. Басқа өңірлерден және Астана мен Шымкентте 3 кандидаттан тіркелген», - деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.
Республика бойынша Сенат депутаттарын сайлауға 3 168 дауыс беруші қатысады.
Сондай-ақ, ОСК төрағасының мәліметінше, сайлау учаскелері сағат 10:00-де ашылады, ал дауыс беру сағат 11:00-де басталады.
Еске салайық, 2023 жылдың 14 қаңтарында еліміздің 20 өңірінен бір-бір Сенат депутатын сайлау өтеді.
Айта кетсек, Сенат депутаттығына кандидаттардың 95,5%-ы өзін-өзі ұсынған.