Сенат депутаты Ж. Нұрғалиев Қостанай облысындағы жұмыс сапарында болды

АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының депутаты Жеңіс Нұрғалиев Қостанай облысындағы жұмыс бабындағы сапары барысында жергілікті атқарушы және өкілді биліктің, «Нұр Отан» ХДП активімен, аграрлық мекемелер мен әлеуметтік саланың еңбек ұжымдарымен кездесті.

Кездесулерде Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында белгіленген  даму бағдарламасын жүзеге асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Аймақтық даму, агроөнеркәсіп кешенін нығайту, кәсіпкерлікті қолдау  міндеттері тұрғысында  облыстың әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері талқыланды.

Әулиекөл, Қостанай, Сарыкөл, Меңдіқара аудандарының халқымен кездесулерде депутат Сенаттың заң шығару қызметі туралы айтып, қолданыстағы заңнамаға аграрлық саланы дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, әсіресе, субсидиялау мен салық жеңілдіктері туралы енгізілген өзгерістер жайында хабардар етті.