Сенат екінші деңгейдегі банктердің кепілдік саясатын жетілдіретін заң жобасын Мәжіліске қайтарды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару, екінші деңгейдегі банктердің кепілдік саясатын, бағалау қызметін реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы талқылау және оны екінші оқылымға әзірлеу барысында бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі анықталды.
Атап айтқанда, ЕАЭО-ның «Алкоголь өнімінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің күшіне ену күнінің өзгеруіне байланысты Үкіметтің алкоголь өніміне ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу құзыреті бөлігінде осы құзыреттен «спиртті ішімдіктер» деген сөздерді алып тастай отырып, Кәсіпкерлік кодекске сәйкес келтіру қажет. Бұдан басқа, «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына «толысылған шарап» және «сыра қайнату өнімі» ұғымдарын енгізу керек.
Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу, кәсіпкерлік, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және төлемдер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы ҚР Заңында техникалық регламентке сілтеме нормалары бар түзетулерді енгізу мерзімін 2022 жылдыі 1 қаңтарынан 2024 жылдың 1 қаңтарына ауыстыру қажет.
Көрсетілген түзетулерді қабылдау Салық кодексінің және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілуге тиіс «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес келеді.