Аталған құжат бойынша баяндама жасаған ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімнің атап өтуінше, заң жобасы қалдықтардың жинақталу көлемін азайту, нарықтық тетіктер енгізу жолымен парникті газдар шығарындыларын төмендету және экологиялық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейтуге бағытталған.
Заң жобасымен Қылмыстық кодекске, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, Экологиялық кодекске, Бюджет кодексіне, «Банкроттық туралы», «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылады.