Айта кетейік, бүгін палатаның отырсында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екі оқылымда қаралып, қабылданды .
«Құжат сайлау жүйесін жетілдіру, заң шығару процестерін нормативтік құқықтық реттеуді дамыту, мемлекеттік билік тармақтары арасындағы тежеу мен тепе-теңдік жүйесін күшейту, сондай-ақ салалық заңдардың ережелерін 5 маусымда өткен Республикалық референдумның нәтижесіндегі Қазақстан халқы қолдау көрсеткен Конституцияның жаңашылдықтарымен сәйкестендіруді көздейді. Жоба аясында 15 Кодекске және 46 Заңға түзетулер енгізу көзделіп отыр», - деді Л. Сүлеймен.
Осы орайда ол заңның негізгі түзетулеріне тоқталды.
«Біріншіден, Қазақстан халқының жерге меншік құқығын заңнамалық бекіту. Еліміздегі жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халық меншігі деп тану референдумда қамтылды. Енді нақты түзетулерді Жер, Орман, Су, Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекстерге енгізу ұсынылады», - деді сенатор.
Сонымен қатар, Президенттің жергілікті атқарушы органдарға қатысты жекелеген өкілеттіктерін тарату ескерілген.
Аталған құжатта саяси партиялар қызметін дамытудың бәсекелестік мүмкіндіктерін кеңейту қамтылған. Бұл норма елімізде жаңа саяси паpтиялаp құpу үшін жағдайлаp жасап, паpтиялаpды тіpкеу pәсімін айтаpлықтай жеңілдетеді.
«Сайлау жүйесі өзгертіледі. Сайлау процесі заманның талаптарына сай жетілдіріледі. Сондай-ақ 2023 жылдан бастап аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау пилоттық жобада, 2025 жылдан толыққанды енгізу ұсынылады. Сонымен қатар, депутаттық мандатты кері қайтарып алу тетігі енгізіледі. Бұл өз кезегінде халық қалауларының өз сайлаушыларының сенімдерін барынша ақтауға, соның ішінде сайлауалды бағдарламарын орындау мен жергілікті мәселелерді жедел шешіп отыру бағытында әрқашан халықпен кері байланыста болуына кепілдік береді», - деді Л. Сүлеймен.