құжатты бірқатар түзетулерімен Мәжіліске қайтарды.
Заң жобасының негізгі мақсаты - халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін ұйымдастыру жөніндегі функцияларды жергілікті атқарушы органдардың құзыретінен алып Байланыс және ақпарат министрлігіне беру болып табылады. Заң жобасы, сондай-ақ ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға ХҚО-лардың қызметін әдіснамалық қамтамасыз ету, олардың жұмыс істеуін бақылау және мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру өкілеттіктерін береді.
«2005-2009 жылдар аралығында ХҚО Әділет министрлігінің құзырында болып, 2010 жылы жергілікті атқарушы органдардың қарамағына берілді. Қазіргі таңда осы Орталықтардың қызметін жақсарту үшін қажетті нормативтік база қалыпатасты. Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен регламенттері бекітілді. Әділет министрлігі қысқа мерзімде орталықтардың жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастыра алды. Бірақ, оларды жергілікті атқарушы органдардың қарамағына беру халыққа қызмет көрсетудің сапасына кері әсерін тигізді. Осыған байланысты Мемлекет басшысы қызмет көрсету орталықтарының функцияларын Байланыс және ақпарат министрлігіне беруді тапсырған болатын», - дейді заң жобасы бойынша бастамашылық жасаған депутат Айгүл Соловьева.
Заң жобасымен «бір терезе қағидаты», «халыққа қызмет көрсету орталығы», «әлеуметтік маңызы бар қызмет көрсету» деген ұғымдар ашып көрсетілді. Бұдан бөлек, құжат бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның куәландырушы орталықты аккредиттеу туралы куәлікті берудің, сондай-ақ оның қолданысын тоқтата тұрудың, қайта жаңартудың, тоқтатудың тәртібін регламенттейтін толықтыру енгізілген болатын.
Сенат дәл осы толықтыруды алып тастауды ұсынады. «Бұл ретте рұқсат ету құжаты ретіндегі аккредиттеу туралы куәліктен айыруды тек сот қана жүргізе алады», - деген уәж айтады сенаторлар.