Аталған келісімге 2009 жылғы 10 маусымда Минскіде қол қойылған. Құжатқа сәйкес барлық қызмет тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сай жүзеге асырылады. Бұл ретте келісім шеңберінде екі ел төтенше жағдайлар мониторингімен оларды болжау туралы ақпарат алмасу саласында ынтымақтаса алады. Бұдан бөлек халықтың төтенше жағдайларда іс-әрекет жасауға дайындығын, оның ішінде алғашқы көмек көрсету жөніндегі дайындықты ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу көзделеді. Бұдан бөлек, құзіретті органдар арасында өзара іс-қимылды қамтамасыз ету қарастырылады.
Парламент қабылдаған заң Елбасының қол қоюына жіберіледі.