Аталған Заңның мақсаты тараптар арасында білім беру саласындағы ынтымақтастық қолдауларды одан әрі кеңейту болып табылады. Бұл ретте, 2009 жылы қабылданған келісімге сәйкес, 2020 жылға дейін Ауғанстанның 300 азаматын кәсіптік-техникалық оқу орындарында, ал 700 адамды жоғары оқу орындарында оқыту бойынша Қазақстанның міндеттемелері қарастырылған болатын. Ал, хаттамадағы өзгерістер негізінен жоғарыда айтылған 700 адамның 177-сін магистрлік бағдарлама бойынша оқытуды көздейді.
Атап айтқанда, Ауғанстанның 35 азаматын жыл сайын Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында магистрлік бағдарламамен оқыту жүзеге асырылатын болады.