Кеден одағының комиссиясы туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға 2010 жылғы 9 желтоқсанда Мәскеу қаласында қол қойылған.
Бұл ретте құжат Кеден одағы комиссиясының тиімділігін арттыруға бағытталады және құжат 4 баптан тұрады. Оған сәйкес хаттама мен Кеден одағы комиссиясы шешімдерінің күшіне ену мерзімі нақтыланады. Сондай-ақ, комиссияға жекелеген мәселелер бойынша Кеден одағына мүше мемлекеттердің ұсыныстарын қарау мен ұстанымдарын келісу үшін үйлестіру және консультативтік органдар құру құқығы беріледі.
Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.