Сенат Кеден одағының санитариялық шаралар жөніндегі келісіміне өзгерістер енгізген хаттаманы қабылдады

АСТАНА. 6 қаңтар. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының санитариялық шаралар жөніндегі келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңын қабылдады.

Парламент қабылдаған заң енді Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.

Заңның мақсаты - Кеден одағының кедендік аумағын инфекциялық және жаппай инфекциялық емес аурулардың (уланулардың) халық арасында таралуынан сақтану шараларын қамтиды. Бұл ретте Хаттама санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмейтін өнімнің (тауарлардың) әкелінуінен қорғауға бағытталған, Кеден одағына мүше мемлекеттермен санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық саласында бірлескен әрі тиімді іс-қимыл жүргізуді қамтамасыз етеді.