Сенат: «Кеден одағының тауарлары мен сыртқы және өзара сауданың кедендік статистикасын жүргізу туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланды

None
АСТАНА. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Парламент Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің отырысында депутаттар «Кеден одағының тауарлары мен сыртқы және өзара сауданың кедендік статистикасын жүргізу туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын талқылады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Отырыс барысында аталған құжатқа байланысты баяндама жасаған қаржы вице-министрі Әлихан Смайыловтың айтуынша, заң жобасы Кеден одағының құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған. Келісім талаптары бойынша тараптар сыртқы сауда мен өзара сауданың статистикасын өз қалаулары бойынша жүргізеді. Алайда бұл бағыттағы жұмыстары барысында Кеден одағының арнайы комиссиясы бекіткен тәжірибе ескерілуі керек. «Осыған байланысты бүгін бізге осы келісімді ратификациялау қажет болып отыр. Құжат күшіне енетін болса, үшінші елдермен сауда-саттық бойынша мәліметтер барынша айқын болады. Сондай-ақ Кеден одағы сауда мәселесіне қатысты тиісті шешімдер қабылдауға қажетті ақпараттармен ұдайы қамтамасыз етіліп отырады», деді вице-министр.Құжатты жан-жақты талқылаған депутаттар оны Сенаттың жалпы отырысына шығару қажет деп тапты.