«Айта кету керек, Қырғыз Республикасы Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы жөніндегі өтпелі ережелерге сәйкес, 2015 жылы 24 ай (12.08.2015 ж. бастап 12.08.2017 ж. дейін) ішінде, яғни өз аумағында орналасқан барлық өткізу пункттерін жайластыру және материалдық техникалық жарақтандыруды қамтамасыз етуге міндеттеме алған. Бұл ретте, міндеттемелерді толық орындау мақсатында, аталмыш Хаттамаға үш рет өзгеріс енгізілді, үш рет ұзартылды (бірінші хаттама 24-тен 48-ге айға, екінші хаттама 48-ден 72-ге,үшінші хаттама 72-ден 96 айға ұзартылды). Алайда әртүрлі күрделі себептерге байланысты Қырғыз Республикасы көрсетілген мерзімде міндеттемелерді толық орындауға үлгермеді», - деді сенатор Сұлтанбек Мәкежанов.
Сондықтан 2023 жылғы 25 мамырда Мәскеу қаласында Мемлекет басшылары Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы аясында төртінші рет «96 айдан» «108 айға» өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қойды. Бұл тұрғыда Хаттама міндеттерін 2024 жылғы 12 тамызға дейін ұзарту ұсынылды.
«Қазіргі кезде Қырғыз Республикасындағы он төрт өткізу пунктінің он үші толығымен жаңғыртылды. Қырғызстан және Тәжікстан шекарасындағы бір өткізу бекеті - «Қызыл бел» бекеті бойынша жұмыстар әлі жалғасып жатыр. Ол жақын арада аяқталады, себебі қазір оған барлық ресурстар жұмылдырылған. Қаралып отырған Келісімді ратификациялау Республикалық бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды», - деді депутат.