Келісімге сәйкес, Дүниежүзілік банк Қазақстанға макроэкономикалық басқару және экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру саясатын қаржыландыру үшін 1 миллиард доллар мөлшерінде қарыз береді. Қарыз қаражаты еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтарын қолдауға және Үкіметтің экономикалық ынталандыру және экономикалық өсімге көмектесу жөніндегі стратегиялық шараларын орындауға мүмкіндік береді.
Қарыз негізінен ағымдағы жылғы бюджеттің тапшылығын қаржыландыруға бағытталады. Жалпы Қарыз Қазақстанға 2,5 жылдық жеңілдік кезеңді қоса алғанда 20 жыл өтеу мерзімімен беріледі. Сыйақы мөлшерлемесі біржолғы қарыз сомасының 0,25 пайызы, резервке қойғаны үшін комиссия жылына қарыз бойынша пайдаланылмаған теңгерімнің 0,25 пайызына тең болады.
Заң жобасы палатаның алдағы уақытта өтетін жалпы отырысына шығарылады.