Сенат комитеті Қарағанды облысындағы ҚР Қарулы Күштері мамандарын даярлайтын оқу орталығында болды
Cенаторлар орталықтың қажетті инфрақұрылымымен, әскери міндетті азаматтарды оқытудың жай-күйімен және даярлық бағдарламаларымен танысты. Кездесу барысында комитет төрағасы Қ.Сұлтанов қазақстандық армияны жаңғырту жолындағы шараларды заңнамалық қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар, сөз арасында депутат ел қарулы күштерінің әлеуетін арттыруға бағытталған бюджет қаржыларын тиімді пайдаланудың маңыздылығын атап өтті. Комитет төрағасының пікірінше, аталмыш оқу орталығы әскери міндетті азаматтарымыздың әскери білімі мен дайындық деңгейін арттыруға нақты үлес қосып келеді. Бұл көрсеткіш өз кезегінде жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін арттыру мен салада халықаралық стандарттарға сәйкес көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.