Сенат комитеті Қазақстан мен Испания Корольдігі арасындағы Ауғанстанды тұрақтандыруға қатысты келісімді талқылады
Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі халықаралық күш-жігерлерге Испания Корольдігінің қатысуына байланысты әскери мүлікті және персоналды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуді қамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын талқылады.
Аталған келісімге 2009 жылғы шілдеде Астана қаласында қол қойылған. Бұл ретте құжат Ауғанстанды тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі халықаралық іс-қимылдарға қатыстырылған Испанияның әуе кемелерімен еліміздің аумағы арқылы әскери мүліктерді және персоналды тасымалдау тәртібі айқындалады.
Бұл ретте еліміздің аумағы арқылы Испания әуе кемелерінің транзиті ұлттық заңнамаға сәйкес берілетін арнайы рұқсат негізінде жүзеге асырылады. Сондай-ақ, испан тарабы Қазақстанның әуе кеңістігін ұсынылған маршруттар бойынша пайдалану туралы хабарламаны әуе кемелерінің жоспарланған ұшу мерзімінен кем дегенде 24 сағат бұрын ҚР әуе қозғалысын жоспарлаудың бас орталығына жібереді. Қазақстан тарабы ұлттық заңнамаға сәйкес аэроновигациялық алымдарды төлете отырып, әуе кемелеріне аэроновигациялық қызмет көрсетеді.
Заң жобасы Сенаттың жалпы отырысына талқыға шығарылады.