Тоқтала кететін жайт, Қазақстан мен Ресей арасындағы елімізге мұнай және мұнай өнiмдерiн жеткiзу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келiсiм 2010 жылы қабылданып, кейіннен 2013 жылдың 3 сәуiрiнде қосымша хаттамасы ратификацияланған болатын. Соңынан екiжақты келiсiмнiң шарттары 2015 жылдың 1 қаңтарына дейiн тағы ұзартылды. Осы ретте, екiжақты келiсiмді жүзеге асыру мерзімінің аяқталуына байланысты, тараптар Еуразиялық экономикалық кеңестiң келiсiмшарты аясында 2016 жылғы 1 қаңтарға дейiн мұнай және мұнай өнiмдерiнiң ортақ нарығын қалыптастыру тұжырымдамасын бекiтеді және 2018 жылғы 1 қаңтарына дейiн ЕАЭО мұнай және мұнай өнiмдерiнiң ортақ нарығында бағдарлама жасаулары қарастырылған. Осыған орай, тараптар 2024 жылғы 1 қаңтарға дейiн бағдарламадағы барлық iс-шараларды iске асыруы және 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін ЕАЭО мұнай және мұнай өнiмдерiнiң ортақ нарығын құру туралы халықаралық келiсiмшарт жасаулары қарастырылып отыр. Бұл ретте Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ескере отырып, тараптардың Қазақстан Республикасына Ресейден мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау мәселелері қолданыстағы келісімшарт аясында реттелетін болады. Сонымен қатар, 2014 жылғы 24 мамырда қол қойылған хаттамаға сәйкес, қолданыстағы келiсімді жүзеге асыру мерзiмi 2019 жылдың 1 қаңтарына дейiн ұзартылған болатын. Осы мерзiм аяқталғаннан кейiн, егер келiсiмнiң бастапқы қолданылу мерзiмi бiтерден кемiнде 6 ай бұрын тараптардың ешқайсысы оны тоқтату туралы ниетiн екiншi тарапқа жазбаша түрде хабардар етпесе, хаттама автоматты түрде бес жылға, яғни 2024 жылдың 1 қаңтарына дейiн ұзартылады.
17:17, 02 Наурыз 2015
Сенат комитеті Қазақстан мен Ресей арасындағы мұнай өнімдерін жеткізуге қатысты келісімді талқылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұл туралы бүгін Парламент Сенаты Экономикалық саясат инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында «2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен РФ Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнiмдерiн жеткiзу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келiсiмге өзгерiстер енгiзу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланды.