Келісімнің шарттарымен Қазақстан Республикасына мұнай өнімдерін бажсыз жеткізу кезінде туындайтын, Ресей Федерациясының бюджетіне түспейтін кірістерді кейін өтеу үшін біздің елдің аумағынан Кеден одағының кеден аумағынан тысқары жерге мұнай өнімдерін эскпорттауды жүзеге асыруға байланысты сомаларды Ресей Федерациясының бюджетіне Қазақстан тарапының есептеуі мен төлеуі тәртібін (әдістемесін) айқындау көзделеді.
Бұдан бөлек, Қазақстан мен Ресей арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама 2012 жылғы 19 қыркүйекте Павлодарда жасалған болатын. Хаттамамен негізгі Келісімнің 6 және 7-баптарына өзгерістер енгізіледі. Оған сәйкес Қазақстан Республикасының ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасына мұнай өнімдерін жеткізу екі мемлекеттің аумақтарында мұнай өнімдерінің бекітілген индикативтік баланстарының параметрлері көлемінде Тараптардың құзыретті органдарымен келісілген номенклатура бойынша жүргізіледі.
Хаттамамен Келісімге енгізілетін өзгерістер 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін мұнай өнімдерінің ішкі нарығын қамтамасыз ету мақсатында Павлодар мұнай-химия зауытына Ресей мұнайының және Ресей өндірген ашық түсті мұнай өнімдерінің кепілді түрде жеткізілуіне ықпал ететін болады.
Заң жобалары палатаның қарауына жіберілді.