Сенат комитеті Кеден одағы санитариялық шаралар туралы келісіміне өзгерістер енгізу туралы заң жобасын талқылады

АСТАНА. 5 қаңтар. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде «2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының санитариялық шаралар жөніндегі келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.

Заң жобасының мақсаты - Кеден одағының кедендік аумағын инфекциялық және жаппай инфекциялық емес аурулардың (уланулардың) халық арасында таралуынан сақтану шараларын қамтиды. Бұл ретте Хаттама санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмейтін өнімнің (тауарлардың) әкелінуінен қорғауға бағытталған, Кеден одағына мүше мемлекеттермен санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық саласында бірлескен әрі тиімді іс-қимыл жүргізуді қамтамасыз етеді.

Комитет мүшелері заң жобасын палатаның жалпы отырысына шығару туралы шешім қабылдады.