Сенат комитеті «Құқықтық актілер туралы» заң жобасын талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысы болып өтті. Онда «Құқықтық актілер туралы» заң жобасы талқыланды.

«Заң жобасы дербес мәнге ие мемлекеттік органдар шығаратын актілер мен нормативтік құқықтық актілерді өзіне біріктіреді. Қолданыстағы «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» заңның ережелеріне қатысты жүйелендіру, иерархия, заңнамалық актілер деңгейлері және басқа да нормативтік-құқықтық актілер сақталады. Дегенмен, бұған дейін «Әкімшілік процедуралар туралы» заңның нормалары айтарлықтай өзгерістерге ұшырайды. Бұнда мәселе жеке қолданылатын актілерге қатысты болып отыр, оған қатысты ұғымдар да кеңейеді», - деді Әділет вице-министрі Зәуреш Баймолдина.

Оның айтуынша, заң жобасымен нормативтік емес сипаттағы бірқатар актілер енгізіледі.

Құжат алдағы уақытта өтетін Сенаттың жалпы отырысына шығарылады.