Отырыста сондай-ақ Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымына негізделген Нұрия Сисенова, Жанна Волкова, Айгүл Қыдырбаеваны Жоғарғы Соттың судьялары етіп тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы қаралды. Комитетке кандидаттарды Жоғарғы соттың Төрағасы Бектас Бекназаров таныстырды. Отырыс барысында кандидаттар бұрынғы қызметіне, кәсіби даярлықтары мен этикаға, отбасылық жағдайы және басқа да мәселелерге қатысты сенаторлардың сауалдарына жауап берді.
Отырыс қорытындысы бойынша Жоғарғы Сот судьяларына кандидаттарды Палата қарауына енгізу ұйғарылды.