Заң жобасы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту, стратегиялық әріптестікті жаңа сапалық деңгейге жеткізуге ықпал ететін құқықтық базасын жасауға бағытталған.
2009 жылғы қарашада Рим қаласында жасалған Шарттың 1-бабына сәйкес, Қазақстан мен Италия арасындағы мемлекетаралық қатынастар өзара теңдік пен сенім, стратегиялық әріптестік және жан-жақты ынтымақтастық негізінде құрылады.
Комитет отырысында «Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің терроризмге қарсы құрылымдары үшін кадрлар даярлау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы да қаралды.
2009 жылғы маусымда Екатеринбург қаласында жасалған Келісім ұйымға мүше мемлекеттердің терроризмге қарсы халықаралық ынтымақтастығын нығайту саласындағы құқықтық база жасауды көздейді.
Отырыста сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандар мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да қаралды.
Жобамен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске және «Қорғаныс және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері туралы» заңға тиісті толықтырулар енгізілетін болды.
Қаралған барлық заң жобасы палата отырысында қарауға жіберілді.