және «Дүниежүзілік пошта одағының Жарғысына Жетінші хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобалары талқыланды, деп хабарлады ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі..
Комитет сондай-ақ кеңейтілген отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да қаралды.
Заң жобасымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, «Сауда қызметін реттеу туралы», «Импорттық тауарлар жағдайында ішкі нарықты қорғау шаралы туралы», «Агроөнеркәсіп кешені мен ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Жеке кәсіпкерлік туралы», «Лицензиялау туралы» және «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңдарға өзгерістер енгізіледі.
Заң жобасымен енгізілетін өзгерістер сауда қызметін жүзеге асыру және экспорттық тауарларды ілгерілету үдерістерінде пайда болатын қатынастарды реттеудің тиімді жүйесін жасауды мақсат етеді.
Жоба аясында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру мақсатында оларға бөлшек саудаға шығару бағасының шегін белгілеу құқығы Қазақстан Республикасының Үкіметіне берілді.
Сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға механикалық көлік құралдары мен оларға тіркемелерін техникалық байқаудан өткізу мәселелері туралы өзгеріс енгізу жөнінде заң жобасы да қаралды.
Қаралған заң жобалары палатаның қарауына жіберілді.