Бұл Конвенцияға және оған Хаттамаға ақша белгілерін қолдан жасаудың алдын алу және жолын кесу саласындағы ынтымақтастыққа құқықтық негіз жасау мақсатында 1929 жылғы 20 сәуірде Женевада қол қойылған болатын.
Конвенцияда шартқа қатысушы мемлекеттердің шетелде жасырынып жүрген ақша белгілерін қолдан жасаушылар мен өткізушілерін іздеу мен ұстап беруге қылмыстық-құқықтық көмек көрсету көзделген.
Осы Конвенция шеңберінде Қазақстан Республикасыөзара құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауды Республиканың Бас прокуроры арқылы жүзеге асырады.
Комитет мүшелері сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне норма шығармашылық қызметті жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын да қарады.
Екі заң жобасы да талқыланғаннан кейін палатаның қарауына ұсынылды.