Еске салсақ, аталған заң жобасы жалпы арнайы экономикалық аймақтардың инвестициялық тартымдылығы мен ары қарай дамуын арттыруға бағытталған. Сонымен қатар арнайы экономикалық аймаққа инвестиция үшін қосымша ынталандыру тетіктерін құру мен кедергілерді төмендету, жекеменшіктегі жер учаскелерін меншік иесінен жалға алу есебінен АЭА-ның аумағын кеңейту қарастырылған.
Бұл ретте арнайы экономикалық аймақтар аумағын кеңейту үшін жер телімдерін жекеменшік иесінен жалға алу шарттарына сәйкес жүзеге асырып, оны бекіту Үкіметтің өкілеттілігіне жатқызылады.
Тоқтала кететін жайт, Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясында экономикалық әлеуетті арттыру мақсатында қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру қажеттілігі айтылған еді. Бүгінгі күні қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру құралдарының бірі арнайы экономикалық аймақтардың қызметін дамыту және оны жетілдіру болып табылады.
Заң жобасы палатаның жалпы отырысына талқылауға шығарылады.