Сенат комитетінде Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы заң жобасы талқыланды

ТАНА. 6 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде «1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісімге толықтырулар енгізу туралы екінші хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланды, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Заң жобасына негіз болған құжат Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісім аясында өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Хаттамада ҰҚШҰ-на қатысушы мемлекеттер арасындағы 1992 жылғы 15 мамырдағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісім күшінің тек ұлттық Қарулы Күштерге ғана емес, басқа да әскерлерге, әскери құрлымдарға, құқық қорғау және арнайы қызметтерге де таралатыны қарастырылған.

Кеңейтілген отырыста «1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісімнің шеңберінде жеткізілетін әскери мақсаттағы өнімдердің нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы хаттамаға толықтыру енгізу туралы екінші хаттаманы ратификациялау туралы»заң жобасы да қаралды.

Заң жобасы ҰҚШҰ-на мүше мемлекеттердің трансұлттық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталып отыр.

Екі заң жобасы да палатаның қарауына жіберілді.