деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Заң жобасының мақсаты азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңнамаларды жетілдіру болып табылады.
Заң жобасы еліміздің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс пен «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы», «Астық туралы», «Тұқым шаруашылығы туралы», «Агроөнеркәсіп кешені және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» және «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.
Азық-түлік қауіпсіздігін ұлттық қауіпсіздік тұрғысында қарастыру қажеттігіне байланысты «Ұлттық қауіпсіздік туралы» заң «азық-түлік қауіпсіздігі» ұғымымен толықтырылып, тәуелсіз мемлекеттің азық-түлігін сақтау үшін отандық агроөнеркәсіп кешенін орнықты дамыту ұлттық мүдделер тізіміне енгізілетін болды. Сондай-ақ «Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін» қосымша тарау енгізіледі.
«Агроөнеркәсіп кешені және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заңға ішкі азық-түлік ресурстарына қатысты Ауыл шаруашылығы министрлігі мен облыстардағы жергілікті атқарушы органдарының азық-түлік қауіпсіздігінің ахуалына міндетті түрде мониторинг жүргізу құзіреті заңнамалық тұрғыда бекітілді.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Тұрақтандыру ресурстарын қалыптастыру ережелеріне сәйкес астықтың мемлекеттік ресурстарынан басқа ауыл шаруашылығы өнімдерінің әлеуметтік маңызды ресурстары қалыптастырылатын болады.
Тұжырымдамалық тұрғыда мақұлданған заң жобасы палатаның қарауына жіберілді.