деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.
Талқылау барысында Сенаттың тұрақты комитеттерінің ұсыныстары мен ескертпелерін ескере отырып, жобаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туындады.
Отырыста палатаның тұрақты комитеттерінен келіп түскен ескертпелер мен ұсыныстар ескеріле отырып, жобаны талқылау барысында Мәжіліс мақұлдаған заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туындады. Атап айтқанда, зорлағаны және нәпсіқұмарлық сипаттағы іс-әрекеттерді көрінеу он төрт жасқа толмаған адамға қатысты жасағаны үшін санкция Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 48, 58 және 96-баптарына сәйкес келтірілді және он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатын болып белгіленді. Ата-ана, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген өзге де адам жасаған жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар үшін қосымша жазалаудың төменгі шегі ұлғайтылды.
Комитет отырысында «1981 жылғы 26 қыркүйекте Найробиде қабылданған Олимпиада рәмізін қорғау туралы Найроби шартын ратификациялау туралы» заң жобасы да қаралды.
Заң жобасына негіз болған шарт олимпиада рәмізін коммерциялық мақсаттарға таңба немесе басқа белгі ретінде заңсыз пайдаланудан қорғауға бағытталған.
Заң жобалары талқылаудан кейін палатаның қарауына ұсынылатын болды.