2014 жылғы 2 желтоқсанда Мәскеуде жасалған Келісім Қазақстан аумағында орналасқан Балқаш торабын Ресей тарапына беру шарттарын және оны одан әрі пайдалану тәртібін айқындауға бағытталған. Сондай-ақ Балқаш торабының инфрақұрылымын белгіленген мақсатта ғана пайдалану және нысанды тараптардың бірлесіп пайдалануына кезең-кезеңмен көшуді ұйымдастыру көзделеді.
Құжат жылжымалы және жылжымайтын мүлікті қабылдау мен беру және оны түгендеу тәртібін реттейді. Залалды өтеу, даулар мен келіспеушіліктерді шешу тәртібі туралы ережелер де белгіленді.
Келісімді ратификациялау Қазақстандық Балқаш торабын одан әрі пайдалану мәселесін заңнамалық реттеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ оны пайдалануда жаңа тәсілдерді әзірлеуге қызмет етеді.
Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.