Сенат комитетінде экология мәселелерін қамтыған заң жобасы талқыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды.

Заң жобасы бойынша қоршаған ортаға эмиссияны қысқарту көзделеді. Сонымен қатар, экология саласында мемлекеттік органдар тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің саны қысқарады. Бұдан бөлек, құрлықтық қайраңдарда табиғатты пайдалану құқығын жүзеге асыру барысында мемлекеттік шекараны кесіп өтудің кейбір мәселелері реттеледі.

Сондай-ақ, заң жобасында ілеспе газдарды жағу саласындағы мемлекеттік органдардың бірқатар функцияларын орындауды оңтайландыру қарастырылған. Тұтастай алғанда, заң жобасымен «Жер қойнауы туралы», «Жер қойнауын пайдалану туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр.

Құжат алдағы уақытта өтетін палатаның жалпы отырысына шығарылады.