Заң жобасының мақсаты - экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы жетілдіру.
Жоба мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін, құқықтары мен міндеттерін нақтылауға бағытталған ережелерді қарастырады. Экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі жекелеген өкілеттіктер жергілікті деңгейге берілді. Одан басқа, заң жобасында қолданыстағы заңнамада қолданылып жүрген анықтамаларды біркелкі түсіну және қолдануға бағытталған нақтылау сипатындағы бірқатар түзетулер қарастырылған.
Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.