Сенат комитетінде есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуы туралы заң жобасы қаралды

АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Сенаттың Заңнама және құқықтық реформалар комитетінде «Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы»

Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.

Заң жобасы Қазақстанда бақылауға жататын есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар тізіміне есірткі заттардың жаңа түрлерін енгізу мақсатында әзірленді.

Атап айтқанда, тізім синтетикалық каннабиноидтар секілді заттармен толықтырыла түседі. Заңсыз айналымда жүрген жерінен табылған есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорларды аз, ірі және аса ірі мөлшерге жатқызу туралы қосымша кесте де толықтырылады.

Жобаға заң алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап емес, одан он күн өткеннен кейін күшіне енетіні туралы өзгеріс енгізілді.

Заң жобасы палата қарауына жіберілді.