Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлады ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.
Конвенция мен Хаттамаға 2009 жылғы шілдеде Астанада қол қойылған болатын.
Отырыста сондай-ақ «Жеке тұлғалардың Кеден одағының кеден шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу тәртібі туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы да қаралды.
Биылғы шілде айында Астанада қол қойылған бұл құжатта жеке тұлға 10 АҚШ долларына тең немесе одан асатын сомадағы қолма-қол ақшаны және жол чектерін кеден аумағына әкелгенде немесе одан әкеткен кезде кедендік декларациялау міндетті болып белгіленді.
Ал 10 АҚШ долларына тең немесе одан аспайтын сомадағы қолма-қол ақша мен жол чектері Кеден одағының кеден шекарасынан өткен кезде жеке тұлғаның қалауы бойынша жазбаша түрде кедендік декларация жасалуы мүмкін.
Заң жобасы палатаның қарауына жіберілді.