Сенат комитетінде кеден одағы жөніндегі келісімдерді ратификациялауға арналған бірқатар заң жобалары талқыланды

None
АСТАНА. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінде кеден одағы жөніндегі келісімдерді ратификациялауға арналған бірқатар заң жобалары талқыланды.

Комитет отырысында «Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала ақпаратты ұсыну туралы және алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Жобаға негіз болған келісімге биылғы мамыр айында Санкт-Петербургте Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастық Мемлекетаралық Кеңесінің отырысында қол қойылған болатын.

Кеңейтілген отырыста сондай-ақ «Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтары төлеуді қамтамасыз етуді ұсынудың кейбір мәселелері, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алудың ерекшеліктері және осындай тауарларға қатысты өндіріп алынған сомаларды аудару тәртібі туралыкелісімді ратификациялау туралы» және «Кедендік баждарды төлеу мерзімін өзгерту негіздері, шарттары және тәртібі туралы келісімдерді ратификациялау туралы» заң жобалары да қаралды.

Қаралған заң жобалары палата қарауына жіберілетін болды.