Сенат комитетінде Кеден одағының аумағы арқылы теміржол көлігімен өткізілетін тауарлардың кедендік транзиттік ерекшеліктері туралы заң жобасы қаралды

АСТАНА. Маусымның 21-і. ҚазАқпарат - Бүгін Сенаттың экономикалық және өңірлік саясат комитетінде «Кеден одағының кедендік аумағы арқылы теміржол көлігімен өткізілетін тауарлардың кедендік транзиттік ерекшеліктері туралы келісімдерді ратификациялау туралы» және «Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдарының өзара әкімшілік көмегі туралы келісімдерді ратификациялау туралы» заң жобалары қаралды,

деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

Жобаға негіз болған келісімдерге биылғы мамыр айында Санкт-Петербургте қол қойылған болатын.

Екі заң жобасы да Қазақстанның халықаралық міндеттемелерін орындау үшін құқықтық негіз қалыптастыруға бағытталған.

Заң жобалары палатаның қарауына жіберілетін болды.