деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, жобада ІРО бағдарламасына қатысатын компаниялардың акцияларын жариялы түрде орналастыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету бөлігіне өзгерістер енгізу қарастырылған.
Сондай-ақ ІРО аясында акциялары орналастырылатын қоғамды жария компанияның тануы бөлігіне, жоғарыда аталған эмитенттердің шетелдік азаматтарға және (немесе) заңды тұлғаларға, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдарға акцияларды сатуына тыйым салуды белгілеу бөлігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.
Заң жобасы палатаның қарауына жіберілді.