Заң жобасы Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасын халықаралық міндеттемелерге сәйкес келтіру қажеттігін ескере отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан жолы 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында елдің транзиттік әлеуетін, логистикалық көрсетілетін қызметтер мен халықаралық сауданы дамыту саласында қойған міндеттерді орындау аясында әзірленген болатын.
Заң жобасының міндеті, атап айтқанда тағайындалған оператор институтын және «пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері» ұғымын енгізу сияқты жаңа енгізілімдерге негізделген пошта байланысының көрсетілетін қызметтер нарығындағы қатынастарды ұйымдастырудың жаңа үлгісін енгізу болып табылады.
Заң жобасымен «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы», «Почта туралы», «Автомобиль көлігі туралы» және «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Заң жобасын қабылдау пошта байланысының қызметін жетілдіруге, пайдаланушылар құқықтарының қорғалуын арттыруға, халықаралық пошта жөнелтілімдерінің еркін транзитін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.