Сенат комитетінде ҚР Президентінің ТМД Экономикалық соты судьясы қызметіне сайлау туралы ұсынысы талқыланды

АСТАНА. 10 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының конституциялық заңдылық, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінде Қазақстан Республикасы Президентінің Сәбит Жолдыбаевты өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты Тәуелсіз мемлекеттер Достастығы Экономикалық сотының судьясы қызметінен босату туралы ұсынбасы талқыланды.

Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен бірге, отырыста ҚР Президентінің Венера Сейтімованы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық сотының судьясы қызметіне сайлау туралы ұсынбасы қаралды. Ол Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымына негізделген.

Ұсынылған кандидатуралар Сенаттың жалпы отырысында қаралады.