Сенат комитетінде құрылысты жоспарлау кезінде табиғатты қорғау тәртіптерін жүйеге келтіретін заң жобасы қаралды

АСТАНА. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Сенаттың Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қала құрылысын жоспарлаған,

жер учаскелерін бөлген, құрылысты жобалаған және салған кезде су қорғау және табиғат қорғау тәртіптерін сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аталмыш құжат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, Жер және су кодекстеріне, «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы», «Шаруа (фермер) қожалығы туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңдарға өзгерістер енгізуді көздейді. Заң жобасы палатаның қарауына жіберілетін болды.