заң жобасын талқылады.
Аталған заң жобасы Мемлекет басшысының, ҚР Қарулы Күштері Бас қолбасшысының 2012 жылғы 3 мамырдағы «Қазақстан Қарулы күштерінің 20 жылдығы туралы» бұйрығы негізінде әзірленген болатын. Заң жобасы бойынша 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мемлекеттік мереке санатына енгізілетіні көзделеді.
Еске сала кетсек, 2012 жылы 7 мамырда Қазақстанның Қарулы Күштерінің құрылғанына 20 жыл толды. Осыған байланысты мемлекет басшысы Н. Назарбаев 7 мамыр Отан қорғаушылар күнін - Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі етіп белгілеуді ұсынған болатын. Заң жобасының қабылдануы қосымша қаржы шығындарына, сондай-ақ теріс әлеуемттік-экономикалық салдарға әкеліп соқтырмайды.