тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құзіреттерін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды.
Заң жобасымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңмен қолданыстағы заңнамалық актілер сәйкестендірілетін болады.
Атап айтқанда, ол тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілер иерархиясына, сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдайтын мемлекеттік қаржы құралдарын кеңейтуге қатысты болып отыр.
Заң жобасымен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы», «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы Кеден ісі туралы», Жер, Су, Орман, Экологиялық және Еңбек кодекстеріне өзгерістер енгізілетін болады. Түзетулер сонымен қатар «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару туралы», «Әкімшілік процедуралар туралы», «Жеке кәсіпкерлік туралы», «Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы», «Ойын бизнесі туралы» заңдарға да енгізіледі.
Отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да қаралды.
Екі заң жобасы да палата қарауына жіберілді.