Сенат комитетінде «Патент құқығы туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланды

АСТАНА. 29 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Сенаттың Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінде «Патент құқығы туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланды.

Заң жобасы Президенттің 2009 жылғы 24 тамыздағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасына сәйкес әзірленді.

Патент құқығы туралы шартты (бұдан әрі - PLT шарты) 2000 жылғы 1 маусымда консенсус арқылы 140-тан астам тәуелсіз мемлекеттердің қатысуымен Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) аясында құрылған Дипломатиялық конференция қабылдады және ол 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Оның ережелері 1970 жылғы 19 маусымдағы Патенттік кооперация туралы шартқа тығыз байланысты, Қазақстан оған 1993 жылғы 5 ақпанда қосылды.

PLT шарты қатысушы мемлекеттердің патенттік ведомстволары жүзеге асыратын патент берудің рәсімдік нормаларын үйлестіруге және оңайлатуға бағытталған. Сондай-ақ патент беруге арналған өтінімдерге, патент алу мен оның күшін сақтау рәсімдеріне қойылатын оңайлатылған талаптарды көздейді.

Заң жобасы палата қарауына жіберілді.