Заң жобасының негізгі мақсаты сәйкестендіру нөмірлерін енгізу мерзімін кейінге қалдыру болып табылады.
Қолданыстағы «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық реестрі туралы» заңы бойынша жеке және заңды тұлғалар үшін сәйкестендіру нөмірлерін пайдалануға көшу 2010 жылғы 13 тамыздан басталуы қарастырылады.
Мемлекеттік органдардың ақпараттық және төлем жүйелерінің сәйкестендіру нөмірлерін пайдалануға әзір еместігін ескере отырып, заң жобасы сәйкестендіру нөмірлерін 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізуді ұсынады.
Заң жобасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексін күшіне енгізу туралы» заңына, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық реестрі, банкроттық, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді жеңілдету мәселелері бойынша тиісті түзетулер енгізеді.
Заң жобасы палатаның қарауына жіберілетін болды.