деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметінен.
Онда еліміздегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жүрген адамдардың конституциялық құқықтарын сақтауды заңнамалық қамтамасыз етудің мәселелері талқыланды.
Кездесуді аша келіп, Комитет төрағасы Берік Имашев бұл тақырыптың үстіміздегі жылдың тамыз айында Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтың саясат тұжырымдамасын жүзеге асыру тұрғысындағы өзектілігін атап өтті.
Осы ретте Б.Имашев, құжаттың басым бағыттарының бірі ретінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жүрген адамдардың қауіпсіздігін қамсыздандыру, олардың заңды құқықтары мен мүдделерін сақтау шаралары белгіленгендігін атап өтті.
Кездесу барысында сөз сөйлеген әділет министрі Р.Түсіпбеков депутаттарды аталған салада қолданылып жүрген құқық қолдану тәжірибесі туралы хабардар етіп, жазасын өтеушілерді ұстау жағдайларын жақсарту, оларды қоғамдық тиімді жұмыстарға тарту, оқыту және әлеуметтік бағдарламалармен қамтуға қатысты сұрақтарға жауап берді.
Пенетенциар жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған шаралардың қатарында қылмыстық-атқару саласындағы заңнаманы жетілдіру қажеттігі айтылды.
Бүгінгі таңда Парламенттің қарауында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жазалауды орындау жүйесін және қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бар.
Аталған заң жобасымен жазасын өтеушілерді жабық түрдегі түзеу колонияларында ұстау тәртібі тұжырымдамалық түрде өзгеріске ұшырайтын болады. Ол оқшау учаскелер құру жолымен әр түрлі режим түрлерінде жазасын өтеуге сотталғандарды бір түзеу колониясы шегінде камерада ұстау мүмкіндігін көздейді.
Рақымшылық жасау институтының құқықтық негіздерін қолданыстағы құқыққа қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер енгізетін заң жобасының аясында жүзеге асыру көзделіп отыр.
Құжат Парламент қарауына үстіміздегі жылдың аяғында енгізілетін болады.
Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі өкілетті өкілі Асқар Шәкіров, құқық қорғау тақырыбын талқылаудың маңыздылығына тоқталып, Қазақстан үстіміздегі жылы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Кеңеске пенитенциар жүйесіндегі жағдайларға қатысты мәселелерді қамтитын Адам құқықтары туралы Әмбебап мерзімді шолуын ұсынатындығын айтты.
Сонымен қатар, Елбасы бекіткен 2008 жыл қорытындысы бойынша есепке сәйкес, жазасын өтеу мекемелеріндегі азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері мен оның жай-күйіне арналған Арнайы баяндама жасақталуда.
Кездесуде сондай-ақ, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметіне қатысты мәселелер де талқыланды.