Адамдарды мемлекетаралық іздестіруде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ынтымақтастығы үшін құқықтық негіз құру Шарттың мақсаты болып табылады.
Заң жобасын қабылдау қылмыспен күрестің тиімділігін арттыруға, ынтымақтастықтың тетігін құруға және адамдарды мемлекетаралық іздестіру бойынша ақпаратпен жедел алмасуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.