19:16, 19 Маусым 2009
Сенат Комитетінде заң жобасы талқыланды
АСТАНА. Маусымның 19-ы. ҚазАқпарат. Бүгін Сенаттың Экономикалық және өңірлік саясат комитетінде «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы, Астана қаласындағы Әбу-Даби Плаза кешенінің құрылысына қатысты келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл келісімге Астана қаласында 2009 жылдың 11 маусымында қол қойылған болатын. Заң жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 16-17 наурызда Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапарының қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мақсатында әзірленді.Заң жобасы Әбу-Даби Плаза кешенінің құрылысын салуды іске асыруға бағытталған салық салу саласындағы преференциялар жүйесін қолдану, валюталық реттеу, кедендік ресімдеу, визалық қамтамасыз ету және шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудегі мәселелерін реттейді. Сондай-ақ Келісімде Біріккен Араб Әмірліктері Үкіметінің Қазақстан Үкіметінен осы Келісімнің Қазақстан заңнамасына сәйкес ратификациялағаны туралы ресми хабарлама алған күні оның күшіне енетін күнін білдіретіні көзделген.
Әбу-Даби Плаза кешенін салу Мемлекет басшысының 2008 жылғы 11 шілдедегі № 62-10.23 тапсырмасында атап көрсетілген инвестициялық жобалардың бірі болып табылады. Жобаны іске асыру жалпы сомасы 1,8 миллиард АҚШ доллары болатын инвестицияларды тартуды көздейді. Жобаны аяқтау мерзімі - 2014 жыл.
Заң жобасын қабылдаудың әлеуметтік нәтижелері Қазақстан астанасында өзінің сәулет шешімі жағынан бірегей кешендердің бірінің пайда болуын жатқызуға болады, ол 8 мұнарадан тұрады, мұнаралардың ең биігі 88 қабаттан тұрады, ол өзінің биіктігі жөнінен әлемдегі 14-ші объект болып табылады. Әбу-Даби кешені «люкс» сыныбындағы тұрғын үй және офистік үй-жайлардың пайда болуын қамтамасыз етуі тиіс, ол өз кезегінде, аталған кешенге тұрғын үй және бизнес объектісі ретінде Астана тұрғындары мен қонақтарының қызығушылығын туғызуға, сондай-ақ капитал салу үшін инвесторларды ынталандыруға жәрдемдесетін болады.
Заң жобасы палатаның қарауына жіберілетін болды.