деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.
Құжат авиация қызметін жетілдіру мәселелерімен, азаматтық авиация саласындағы отандық заңнаманы халықаралық құқықпен сәйкестендірумен байланысты қатынастарды реттеуге бағытталған.
Кеңейтілген отырыста сонымен қатар, қолданыстағы құқықтық базаға авиация мәселелері бойынша өзгерістер енгізетін заң жобасы да талқыланды. Құжат аясында Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңға түзетулер енгізілмек.
Депутаттар сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «электрондық үкіметін» дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылады.
Барлық заң жобалары палатаның қарауына жіберілетін болды.