Сенат комитетінің атауы өзгерді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитеті атауын өзгертті.

Сенаторлардың қолдауымен «ҚР Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» ҚР Заңының 3 бабына сәйкес ҚР Парламенті Сенаты бүгінгі отырысында Экономикалық даму және кәсіпкерлік тұрақты комитетінің атауын Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік тұрақты комитеті деп өзгерту туралы қаулы қабылдады.