Аталған мәселе бойынша баяндаған комитет басшысы Сергей Кулагин Елбасының ағымдағы Жолдауына тоқтала келе, онда еліміздің ауыл шаруашылығын дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлгенін атап өтті.
«Осыған байланысты еліміздің агроөнеркәсіп кешені мәселелерімен айналысатын Сенаттың тұрақты комитет атауын өзгерту орынды деп санаймыз. Комитет атауында еліміздің дамуы үшін өзекті саналатын саланың көрініс табуы қисынды», - деді Сергей Кулагин.
Бұл ұсынысты палата депутаттары толықтай қолдады.