Сенат ҚР Жоғарғы Сотының 32 судьясын сайлады
«Сайлауға ұсынылып отырған кандидаттардың барлығы судьялар қызметін атқарып келеді, біліктіліктері жоғары, жұмыс тәжірибелері де үлкен. Мәселен, кандидаттардың біреуі облыстық сот төрағасы болса, 11-і - облыстық және оған теңестірілген алқалар төрағалары, 18-і - облыстық сот судьялары, 2-уі - аудандық буындағы сот төрағалары», - деді ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысы Төрағасының орынбасары - ҚР Жоғарғы Сот Кеңесі Төрағасының міндетін уақытша атқарушы Талғат Донақов.
Айта кетерлігі, судья лауазымына кандидаттардың өмірбаяндары мен олардың кәсіби дайындығына, қызметтік деңгейлеріне қатысты мәселелер комитеттерде талқыланған. Ал ұсынылып отырған кандидаттардың барлығы - ҚР Жоғарғы Сотының жалпы отырысында ең жоғары дауысқа ие болғандар. Сайланған 32 кандидаттың - 17-сі ер азамат (53 пайыз) және 15-і әйелдерден (47 пайыз) тұрады. Кандидаттардың орташа жасы - 48 жас, сот саласындағы орташа жұмыс өтілдері 18 жылды құрайды. Судья қызметіне әрбір кандидат жіті тексеріліп, әрбіреуіне жеке істер хатталған. ҚР Жоғарғы Сотының алқасымен де тікелей қосымша тексерулер жүзеге асқан.
Сайланған судьялар Сенат алдында өз міндеттемелерін адал және абыройлы атқаруға, сот төрелігін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына ғана бағына отырып жүзеге асыруға, судья ретіндегі борышта міндеттегеніндей бейтарап және әділ болуға салтанатты түрде ант берді.
Осылайша, ҚР Жоғарғы Сотының судьялары болып сайланды: 1. Әбнасыров Серік Қазбекұлы 2. Әлмағамбетова Гүлжан Жақсылыққызы 3. Әріпов Ерден Рауанұлы 4. Балкен Мадияр Темірұлы 5. Баратбеков Талғат Қожанұлы 6. Боровик Марина Геннадьевна 7. Дәулиев Ержан Көкенұлы 8. Жолдасбеков Нұржан Өтепбайұлы 9. Дүйсенбаев Қаһарман Базарбекұлы 10. Ермағамбетова Жанна Болатқызы 11. Ескендірова Асан Қайрұллақызы 12. Жақудина Роза Қайруллақызы 13. Жармұқамбетова Сара Әзімбекқызы 14. Ибраев Өміртай Жаңбырбайұлы 15. Ибрашев Талғат Әулиеханұлы 16. Иманиязова Шолпан Сарбасқызы 17. Қашқынбаева Жаңылдық Макарқызы 18. Текебасова Зауре Балғазықызы 19. Қуанышбаева Разия Аскарқызы 20. Максютова Елена Тагировна 21. Молдахметова Тыныштық Әмірқызы 22. Мұсабекова Ғазиза Шәмшидинқызы 23. Мырзаке Ғалымжан Жарылқасынұлы 24. Нұрбеков Айдын Маратұлы 25. Нұрышев Қамбар Жұмабайұлы 26. Рахымбеков Ербол Мұқажанұлы 27. Савинова Әлфия Сағдұлллақызы 28. Смайлов Асқар Спартакұлы 29. Сұлтанов Нұрлан Қыдыржанұлы 30. Тоқтарова Баян Жұмабекқызы 31. Шепелева Лариса Аркадьевна 32. Шипп Денис Алексеевич